Меню KDT

logo.png?_=1675679232


КГУ "Каратальская СШ"
  • kz
  • Все новости

    28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды


    28 желтоқсан жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды 2019 жылғы 27 желтоқсан 13:00Бөлісіңіз: НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады» делінген хабарламада. Сондай-ақ, Ақорданың ресми сайтында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық аза тұту күнін жариялау туралы Жарлық шықты. Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатына кінәлілер заңға сәйкес қатаң жазаланатынын мәлімдеді. Елбасы Нұр-Сұлтан Назарбаев жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.


    Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/28-zheltoksan-zhalpyulttyk-aza-tutu-kuni-bolyp-zhariyalandy_a3598993

    28.12.2019
    0


    Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

    Послание
    Президента

    Алибеков Еркин Кайырбекович

    Коронавирус

    Полезные ссылки