1-наурыз Алғыс айту және 8 наурыз-Халықаралық Әйелдер күніне арналған іс шаралар
ЖОСПАРЫ (1-7 наурыз 2017 жыл)
№ |
Жұмыстың тақырыбы |
Түрі |
Мерзімі |
Қатысатындар |
Жауапты |
1 |
«Мен сені жақсы көремін, аяулы Ана!» |
Шығарма жазу сайысы |
1-3 наурыз |
5-8-сыныптар |
Тіл мамандары (қаз., орыс.) |
2 |
«Күннен жылу, анадан мейірім» |
Мүмкіндігі шектеулі балалардың аналарымен кездесу |
4 наурыз |
Мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары |
Әлеуметтік педагог Модагаипова Г. |
3 |
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты кинофильмін көру (ген. продюссері Әлия Назарбаева) |
Толықметражды кинофильмін көру |
4-6 наурыз |
1-11-сыныптар |
Сынып жетекшілер |
4 |
«Анашым, қамқорлығың мен махаббатыңа мың алғыс!!!» |
Шығармашылық жұмыстар көрмесі |
1-7 наурыз |
1-11-сыныптар |
Сынып жетекшілер |
5 |
«Дүние аналармен көрікті ғой...» |
Сынып сағаттары |
1-6 наурыз |
1-11-сыныптар |
Сынып жетекшілер |
6 |
«Менің Анам-Ұстаз!» |
Эссе жазу |
3 наурыз |
11-cынып |
Кожанова Г. |
7 |
«Менің Анам әлемдегі ең керемет Ана» |
Ертеңгілік |
6-наурыз |
Мектепалды сыныбы, «Айгөлек» ШО тәрбиеленушілері |
Тәрбиешілер Кабакова А. К. Даулбаева Г. М. |
8 |
«Аналық махаббаттың сәулесі» |
Концерт |
7 наурыз 12.00 |
1-11-сыныптар |
Сынып жетекшілер Касымова Г. М
|
2017 жыдың 1-8 наурыз аралығында Қаратал орта мектебінде 1-наурыз Алғыс айту және 8 наурыз-Халықаралық Әйелдер күніне арналған іс шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар өткізілді. Осы іс шаралар аясында барлық педагогтар мен мектеп оқушылары жұмылдырылды. 1-наурыз Алғыс айту күніне орай қарт зейнеткер әженің үйінің маңын қардан тазалау жұмыстарына 9,10-cынып оқушлары қатысты. Барлық сыныптарда «Дүние аналармен көрікті ғой...» атты сынып сағаттары өткізілді. Оқушылар мен мұғалімдер белсенді қатыты. Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» атты кинофильмін көру (ген. продюссері Әлия Назарбаева) жұмысын 10-сынып оқушылары жүзеге асырды. Ғаламтор желісінен фильмнің түсірілу ерекшелігін, жалпы идеясы мен тақырыбын басқа сыныптарға таныстырп өтті. Басты рөлді сомдайтын жас актер Әділ Ахметовтың да өнер шеберлігі туралы айтылды. «Менің Анам әлемдегі ең керемет Ана» атты шағын орталық пен мектепалды сыныбы тәрбиеленушілері арасында ертеңгілік өтті. Кішкентай бүлдіршіндер өз аналарына даярлаған шағын қолдан жасалған шығармашылық жұмыстарын сыйға тартты. 7 наурыз күні сағат 12. 00- де «Аналық махаббаттың сәулесі» атты мерекелік жалпы қорытынды концерт барлық сыныптардың, мұғалімдердің қатысуымен өтті. Бұл концертте оқушылар өз өнерлерін ортаға салды. Әсем әндер шырқалып, мың бұрала бишілер би биленді. Жалпы қорытынды «Аналық махаббатың сәулесі» атты концерт мұғалімдердің, оқушылардың қатысуымен өтті. Жас жеткіншектерді оқыту мен тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін бірқатар әйел мұғалімдер мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды.