Қаратал орта мектебінде Азаматтық қорғаныс күніне орай өткізілген экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-шараларын орындау жоспарында белгіленген іс-шаралар барынша өткізілді. Қойылған жарылыс зат туралы ақпаратты естіген кезде оқушыларды белгіленген тәртіп бойынша қауіпсіз аймаққа көшірілді.
Қауіпсіздік амалдары мен іс-әрекеттердің ережелерін оқып-үйренуді, балалардың ажалының және жарақатталуының алдын алуға арналған тұтастай шаралар өткізілді. Төтенше жағдай кезінде қорғаныс құрлымдарының міндеттері мен не істеу керектігі жөнінде және олардың іс-қимылдарының мақсаты орындалды. Барлығы 116 адам қатысты.
Әр оқушыға жеке қорғаныш заттары – мақта дәке таңғыштарын пайдаланулары көрсетілді.Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету жайлы түсіндіріліп, жараланған уақытта не істеу керектігі жөнінде іс-қимылдары түсіндірілді.
Балалар төтенше оқиғалар туа қалған жағдайда өзін және өзгелерді құтқарудың қимыл-әрекеттеріне машықтанды